Жемқорлыққа қарсы стандарттары

Іс-шаралар жоспары

Мүдделер қақтығысының саясаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі нұсқаулық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы «№1 Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

  1. Қоғамдық қатынас саласындағы атауы: денсаулық сақтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын өңдеушінің атауы: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы «№1 Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК.
  3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс жасаушы тұлғалар жосығының (әрекетінің) ережелері:

3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен қозғалатын саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын іске асыру кезінде:

– заңдылық, этикалық, ашықтық қағидасын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерін және заңдарын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң түрде сақтау;

– азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын, еркіндігін, құқықтарын қорғауын және сақтауын қамсыздандыру;

– қызмет алушыларға шығу тегінің себептері, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, нанымы, тұрғылықты жері және басқа да жағдайлар бойынша кемсітушіліксіз тең қол жеткізумен қамсыздандыру;

– азаматтардың өтініштерін заңнамамен орнатылған ретте және уақытта қарастырып, олар бойынша барлық қажет шараларды қолдану;

– мүдделер қайшылығының болу мүмкіндігін болдырмау;

– Негізгі тұтынушы ретінде, толығымен халық сұранысына бейімделіп, көрсетілетін медициналық, сол сияқты мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша үнемі шаралар қолдану;

– мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде салғырттық және қағазбасшылықты көрсетпей, алдын ала қарастырылмаған құжаттарды талап етуін болдырмау;

– қызметтік өкілеттігін іске асыру кезінде политикалық партия қызметіне, қоғамдық және діни бірлестіктеріне бейтарап және тәуелсіз болуы керек;

– қызметтік орындау кезінде азаматтардың жеке өміріне, ар мен намысына қатысты мәліметтерді жария етпеуге;

– денсаулық сақтау саласында құқық бұзушылықты алдын алу және ескерту бойынша жұмыстарды іске асыру;

– Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен басқа да нормативті құжаттарымен, дагностика және емдеу хаттамаларымен, реттемелерімен сәйкес азаматтарға қызмет көрсетуін іске асыру;

– медициналық көмектің сапасын, халықтың сену деңгейін, азаматтардың құқықтық сауаттылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеру.

3.2. өз құзыретінің шектерінде басшылық және басқа да шешімдерді қабылдау және дайындау кезінде:

– қызметтік өкілеттігін іске асыру кезінде политикалық партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуы керек;

– қызметтік тәртіптемені мүлтіксіз сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындауы, жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі қолдануы керек;

– жеке және заңды тұлғалараға артықшылық көрсетпеуі керек, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуы тиіс;

– қызмет көрсетуде шешім қабылдау уақытында, кез келген материалдық игіліктер мен қызметтерді қабылдамау;

– жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарына қатысты шешімдерді қабылдауда, олардың тұнықтығын қамсыздандыру;

– туыстық, жерлестік және жеке адалдық белгілері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларын болдырмау;

– құзыреттік шектеулерін нақты бақылау, сақтау және барлық құрылымдық бөлімшелер мен қызметтік тұлғалардың келісіп қызмет етуі;

– Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға бағытталған және (немесе) қызметтік өкілеттігін орындауға қатысы жоқ бұйрықтар мен қаулыларды шығаруына жол бермеу;

– өзінің өкілеттігін ұсынылған құқықтар шектерінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес іске асыру.

3.3. нормативті құқықтық актілердің жобасын даярлау кезінде:

– өзінің құзыреті аясында нормативті құқықтық актілерді даярлау кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң түрде ұстану;

3.4. тіршілік әрекеті өрісінде ерекшелігіне байланысты туындайтын басқа да қарым-қатынастар кезінде:

– мемлекеттік органдардың тиімді әрекет етуін төмендететін немесе бөгет ететін, мемлекет мүддесіне нұсқан келтіретін әрекеттерге қарсылық көрсету;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімінде, қызметтік міндеттерін тиісінше атқару үшін қажет, біліктілік деңгейін ұсытап тұру;

– заңмен тәртәпті әкімшілік не болмаса қылмыстық жауапкершілік қарастырылған басқа да құқық бұзушылықты және теріс қылықтардың болуына жол бермеу;

– іскерлік этикет және ресми жосық ережелерін сақтау;

– шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау.

  1. Басқа да шектеулер мен тыйымдар:

– сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жағдайлары мәлім болған жағдайда, басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының мағлұмына бұлтартпастан жеткізу;

– қызметтік құзыретін атқарумен сәйкестенбейтін қызметті іске асыруына жол бермеу;

– жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет етуіне (жұмыс атқаруына) жол бермеу;

– мүліктік және мүліктік емес игілік пен үстемдікті өнеге етуге немесе шығаруп алу мақсатымен ресми өрістетуге жатпайтын қызметтік немесе басқа да ақпаратты қолдануына жол бермеу;

– Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес қызметтік өкілеттігін атқарумен байланысты кез келген сыйлықтар алуға тыйым салынады;

– заңнамамен орнатылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулердің қатаң түрде сақталуын, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты көрсететіндерге қарсы тұру, Қазақстан Республикасының беделін түсіруге қабілетті әрекеттердің алдын алу және мемлекеттік биліктің абыройын қолдауын қамсыздандыру;

– қызметкерге қызмет міндеттерін атқарумен байланысты мәлім болған қызметтік ақпараттар немесе кәсіби қызметімен байланысы жоқ мақсатта, заңмен сәйкес құпия мәліметтер болып анықталған мәліметтерді қолдануға немесе таратуына жол бермеу;

– медициналық қызметкер қызметтік жосығы кезінде, әр азаматтың өзінің құқығы және еркіндігі ең жоғары бағалауға ие екендігі туралы конституциялық ережеден бастау алуы қажет және әр азаматтың жеке өмірі, жеке және жанұялық құпия құқығының дербестілігі, өзінің атының абыройын, намысын қорғауға құқығы бар;

– медициналық қызметкердің жосығы азаматқа қатысты инабатсыздық, дөрекілік, тәккаппарлық танытумен, оған деген қорлық, байбаламмен байланысты болмауы керек;

– медициналық қызметкердің жақсы моральді беделі болуы тиіс (адал, ымыраға келе білу, әріптестермен қатынаста өзара қолдау, қарым-қатынас, сындарлы ынтымақтастық);

– медициналық қызметкер маңындағылар үшін үлгі болуы тиіс (шынайы, әділ, бейтарап, сыпайы, ақ пейілді, қамқоршыл және азаматар мен әріптестермен қатынасуында ілтипат пен шыдамдылық танытуы тиіс).