Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметі

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
Алматы қ. ДСБ “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ МКК пациенттерді қолдау қызметі (Ішкі аудит қызметі)

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты-өзекті мәселелері бар сұрақтарды анықтау және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын жақсарту.

Егер Сіз:

медициналық қызмет көрсету сапасына наразы болсаңыз;
медициналық персоналдың дөрекілігіне тап болсаңыз;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да өзекті мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Сіз өзіңіздің байланыс деректеріңізді (тегі, телефоны, мекен-жайы) көрсете отырып, перзентхана кіре берісінде орналастырылған “шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде” жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз немесе біздің сайттағы roddom01.kz “Бас дәрігердің блогы” бөліміне жүгіне аласыз.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қараcтырып, Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Ұйымымыздың медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға өз септігін тигізетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Сенім телефондары: 8 (700) 364-80-04