ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС

Жүктеу:
– Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 бұйрығы
– Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің кодексi

1. Жалпы ережелер
2. Медицина қызметкері және қоғам
3. Медицина қызметкері және пациент
4. Медицина қызметкерлерінің алқаластығы
5. Дәрігерлік құпия
6. Этикалық кодекс күшінің шегі, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік

1. Жалпы ережелер
Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі – Кодекс) олардың лауазымдық міндеттемелерін жүзеге асыру барысындағы этикалық нормалар мен өзін ұстау тәртібі ұстанымдарының жиынтығы болып табылады. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс Кодексінің негізінде әзірленді. Кодекс ережелері перзентхананың барлық медицина қызметкерлерінің міндетті болып табылады.

2. Медицина қызметкері және қоғам
2.1 Медицина қызметкерінің ең басты мақсаты – адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қалпына келтіру, сондай-ақ емделмейтін ауруға шалдыққандар азабын жеңілдету. Медицина қызметкері өз міндеттерін Гиппократ анты, гуманизм және қайырымдылық ұстанымдарына сәйкес орындайды.
2.2 Медицина қызметкері өз шешімдері мен іс-әрекеттері үшін толық жауапкершілігін мойнына алады, сол үшін ол жүйелі түрде кәсіби шыңдалып отыруға міндетті.
2.3 Өз қызметінде медицина қызметкері өзіне таныс және пайдалануға рұқсат етілген медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға міндетті
2.4 Медицина қызметкерінің кәсіби шешіміне жеке басының пайдасы мен материалдық мүдделер әсер етпеуі тиіс.
2.5 Медицина қызметкері даярлаушы-фирмалар мен дәрілік препараттар   таратушылар ұсынған дәрілік заттарды тағайындағаны үшін олардан сыйлық алуына болмайды.
2.6 Медицина қызметкері дәрілік заттарды тағайындау барысында тек қана науқастың мүддесі мен медициналық көрсетілімдерді ескеруі тиіс.
2.7 Медицина қызметкері жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына және басқа да медициналық емес факторларға, оған қоса, материалдық жағдайына қарамастан медициналық көмекті қажет еткен кез-келген адамға көмектесуге міндетті.
2.8 Медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемеге байланысты өз жауапкершілігіне алған барлық міндеттемелерді адал орындауға міндетті.
2.9 Жас мамандар мен студенттерді оқытып жүрген медицина қызметкерлері өз міндетін орындауға көңіл бөлуі және тәртібі жағынан үлгі боларлық деңгейде болуы тиіс.
2.10 Медицина қызметкері қолжетімді құралдар (баспасөз басылымдары, теле- және радиохабарлар, интернет) арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ кәсіби этикалық және қоғамдық нормаларды ұстануда үлгі болуға міндетті.
2.11 Медицина қызметкері оның кәсіби қызметі мен пациенттерге зиян келтірмейтін, медицина қызметкерінің ар-намысын төмендетпейтін, кәсіби тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін басқа жұмыстармен айналысуына болады.
2.12 Медицина қызметкерінің жеке тәжірибемен айналысуы заңмен реттеледі.
2.13 Медицина қызметкері жұмысының қайырымдылық мақсаттары оның жеке қадір-қасиетін, жеткілікті деңгейде мүліктік қамтамасыз етілуін, кәсіби қызметін атқаруға жағдай жасауын заң жүзінде қорғауын талап етуге негіз бола алады.
2.14 Ұйымдастырылған формадағы наразылықтарға қатысу барысында медицина қызметкері өз қадағалауындағы пациенттерді қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету міндеттемелерінен босатылмайды.
2.15 Медициналық этиканың ұстануын бақылауды медицина қызметкерінің тікелей жетекшісі жүзеге асырады.

3. Медицина қызметкері және пациент
3.1 Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына жауапты. Өз жұмысында ол Қазақстан Республикасы заңдарын, іс жүзіндегі нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алады, бірақ бұл ұйғарымдар аясында, аурудың ерекшелітері ескеріліп, әр жағдайда науқас мүддесі басшылыққа алынып тиімдірек ем, диагностика, алдын алу әдістері таңдалады. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.
3.2 Медицина қызметкері өзі көрсетіп жатқан көмек сапасы ең жоғары деңгейде болуы үшін барынша тырысуға міндетті.
3.3 Медицина қызметкері пациентті қисынсыз тәуекелге душар еткізбеуі тиіс, және өз білімін ізгіліксіз мақсаттарға жұмсауға жол бермеуі қажет. Медицина қызметкері кез келген емдеу әдісін таңдау барысында алдымен «Зиян келтіріп алма!» өсиетін басшылыққа алады.
3.4 Медицина қызметкері пациенттің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау және емдеу-алдын алу шараларын өткізу бойынша шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуге міндетті. Баланы емдеу барысында медицина қызметкері толық ақпаратты оның ата-анасына немесе қамқоршысына ұсынуы қажет және белгіленген дәрілік заттар мен емдеу әдістерін қолдануға олардың келісімін алуға тиіс.
3.5 Медицина қызметкері пациенттің қадір-қасиеті мен намысын, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеп, оған мейіріммен қарап, туған-туысқандарының науқас жағдайына алаңдаушылық білдіруіне түсіністікпен қарауы қажет, бірақ айтарлықтай кәсіби қажеттілік болмаса пациент пен оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне кіріспеуі тиіс.
3.6 Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарына мәжбүрлемеуі тиіс. Дәрігердің наным-сенімдері немесе басқадай кәсіби емес мүдделері диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеуі қажет.
3.7 Егер пациент саналы түрде өз келісімін бере алмаса, оған үнемі қамқор болып жүрген адам немесе заңды өкілі беруі тиіс.
3.8 Пациент өз денсаулығы жөнінде толыққанды ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуына да болады немесе денсаулығы жөнінде хабарлайтын адамды ұсынуы тиіс. Егер ол пациент денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру қауіпі бар деген толық негіз болса, пациенттен ақпаратты жасыруға болады. Бірақ пациенттің анық білдірген талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпаратты беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда өмірінің ұзақ болуына, аурудан айығу мүмкіндігіне үміт қалдырып, ақпаратты барынша абайлап жұмсартып жеткізу қажет.
3.9 Пациенттің қалауы бойынша басқа медицина қызметкерінің кеңесінен өту құқығына медицина қызметкері кедергі жасамауы тиіс.
3.10 Медицина қызметкері науқаспен қарым-қатынас жасау барысында өзін жарнамалауға тыйым салынады.
3.11 Қателік жібергенде немесе емдеу барысында күтілмеген ушығулар дамығанда медицина қызметкері науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға міндетті және шұғыл түрде зиянды салдарды түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуге міндетті.
3.12 Кәсіби міндеттемелерін медицина қызметкері дәрігер бүркеншек ат, ресми түрде табысталған атақ дәрежесін көрсетпей, тек қана өз фамилиясы арқылы жүзеге асырады.

4. Медицина қызметкерінің алқаластығы
4.1 Өмір бойы медицина қызметкері оны кәсіби шеберлікке үйреткен адамға деген құрмет пен ризашылығын сақтап өтуге міндетті.
4.2 Медицина қызметкері медициналық қауымдастықтың абыройы мен асыл дәстүрлерін сақтауға міндетті. Медицина қызметкерлері бір-біріне құрмет пен мейірімділікпен қарауға міндетті.
4.3 Медицина қызметкері көпшілік алдында басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне сенімсіздік білдіруге немесе немесе беделін түсіруге құқығы жоқ.
4.4 Клиникалық қиын жағдайларда тәжірибелі медицина қызметкері тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде көмек көрсетуі тиіс. Бірақ емдеу үдерісіне толық түрде емдеуші дәрігер жауапты, ол өз әріптестерінің ұсыныстарын алуға немесе одан бас тартуға құқылы және бұнда науқастың мүддесін басшылыққа алуы тиіс.
4.5 Дәрігерлер – денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары өздерінің  қарамағындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруларына жағдай жасауға міндетті.
4.6 Медицина қызметкерлері ұйымның басқа медицина және қосалқы қызметкерлеріне құрметпен қарауға, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасауға міндетті.

5. Медицина қызметкері құпиясы
5.1 Әр пациент жеке құпиясының сақталуына құқылы және дәрігер, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуші басқа да тұлғалар медициналық құпияны сақтауға пациент қайтыс болған жағдайда да міндетті, егер науқас басқадай өкім ұсынбаса дәрігерлік көмекке жүгіну фактісі де құпия болуы тиіс.
5.2 Құпия емдеу барысында және қарану барысында (диагноз, емдеу әдісі, болжамы және т.б.) алынған барлық мәліметтерге міндетті болып табылады.
5.3 Пациент жөніндегі ақпарат жария болу жағдайлары:
– пациенттің өзінің айқын жазбаша келісімі бойынша;
– тексеріс, прокуратура, сот органдарының мүдделі талабы бойынша;
– егер құпияны сақтау пациенттің өмірі мен денсаулығына немесе басқа тұлғаларға (қауіпті жұқпалы аурулар) қауіпті болса;
– егер емдеуге басқа маман шақырылып, бұл ақпарат кәсіби тұрғыда қажет болса.
5.4 Дәрігер науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауға міндетті.
5.5 Пациент жөніндегі мәліметтерді білуге құқығы бар тұлғалар барлық алған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.
5.6 Ғылыми зерттеулер барысында, студенттерді оқыту және дәрігерлердің білімдерін жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету оның келісімі бойынша ғана жүзеге асады.

6. Этикалық кодекс күшінің шегі, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік
6.1 Дәрігердің бірінші төрешісі – өз ары. Екіншісі – медицина қауымдастығы, олар дәрігерлер ассоцияциясы ретінде өз жарғысы және басқа құжаттар негізінде тәртіп бұзушыға шара қолдануға құқылы.
6.2 Егер этикалық нормалар тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі ережелеріне қайшы келсе, медицина қызметкері заң алдында жауапқа тартылады.
6.3 Қызметкер өзінің тәртібі ұжымда көпшілік талқысына салынуы, қоғамдық айыпталуы мүмкін екендігін санада ұстауы тиіс.
6.4 Этикалық Кодексті қайта қарау және талқылау құқығы Этикалық комиссиясына тиесілі.