МҰХАМЕДЖАНОВА ЖАНАР АМАНТАЙҚЫЗЫ
АЛМАТЫ қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "№1 Қалалық перзентхана" ШЖҚ КМК директоры
Қазақ мемлекеттік медицина университетін “Емдік іс” мамандығы бойынша үздік бітіріп, “Дәрігер” біліктілігі берілді.
Кәсіби мансабын 1998 жылы Алматы қ. “№ 5 Қалалық перзентхана” МКҚК-да бастады.
- 2019 жылы Ж. А. Мұхамеджанова “№5 Қалалық перзентхана” ШЖҚ МКК бас дәрігері болып тағайындалды.
2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Ж.А. Мұхамеджанова Алматы қ. ДСБ “№4 қалалық аурухана” ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік мәселелер бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.
2022-2023 жылдары – “Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы” ШЖҚ КМК директорының ұйымдастыру – әдістемелік мәселелер жөніндегі орынбасары.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қ. ҚДБ “№8 қалалық емхана” ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды, 2023 жылдың наурыз айынан бастап осы емхананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
“Акушерлік және гинекология”мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. 2
019 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі берілді.
Еліміздегі және шетелдік басылымдарында жарияланымдары бар, “ҚР-дағы инновациялық элективті кесарь тілігі” авторлық құқығына ие.
Жалпы медициналық өтілі 25 жылдан асады, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі 9 жылдан асады.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 418-к бұйрығына сәйкес Жанар Амантайқызы Мұхамеджанова Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Байланыс:
Алматы қ.
Сейфуллин даңғылы, 492 / Бөгенбай батыр к., 147
roddom01@med.mail.kz
Facebook:
roddomalmaty01
Instagram:
perzenthana1_almaty
Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі
+7 (727) 292-67-88
Телефон:
+7 (727) 293-57-18
Бухгалтерия
+7 (727) 292-34-39
Сенім телефоны
Бөгенбай батыр к., 147
