Сұрақ: МӘМС жүйесінде қандай заңнамалық өзгерістер күтуге болады?
Жауап: МӘМС әрі қарай іске асыруға қатысты, бүгінгі таңда парламент сенатында заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылуда, оларды қабылдаған уақытта, медициналық көмекті көрсету мерзімдерін ауыстыру жағына, жұмыс берушілерден басқа, төлем жүргізушілердің барлық категорияларымен төленетін жарналарына бірқатар өзгерістерге әкеледі, олардың аударымдары медициналық сақтандыру Қорына 2018-2019ж.ж. ауысу кезеңі аралығында сақталуға ұсынылады. Сонымен қатар өзгерістер азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жұмыс жасайтын жеке тұлғалардың жарналарының көлеміне себі тиеді.
Денсаулық сақтау министрлігімен келесіні қарастыратын бірнеше заңнамалық актілеріне түзетулер жетілдірілді: бірінші – жеке тұлғалардың, яғни жалдамалы жұмыскерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы жарналарды төлеу бастау мерзімін ауыстыру және жеңілдіктері бар халық категориясына мемлекеттік жарналар 2018 жылғы 1 қаңтарынан 2020 жылғы 1 қаңтарына ауыстырылды. Осыған сәйкес, МӘМС қатысушыларына медициналық көмекті көрсетуді бастаудың мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарына жылжиды. АҚТ шарттары бойынша кіріс алушы жеке тұлғалардың жарнасының көлемі айтарлықтай азаяды, олардың төлемі алатын табыстарының жарналарын есептеу объектісінен 5%-дан 1%-ға дейін төмендейді.
Маңызды ескерту, жұмыс берушілердің аударымдарын МӘМС толыққанды жіберген соң сақтауын ұсынамыз, олар 2017 жылдың соңына дейін кәсіпорынның еңбекті өтеу қорының қаражатынан әр қызметкердің жалақысының көлемінен 1%, ал 2018 және 2019 жылдары объектіні есептеуден 1,5% құрайды.
Сұрақ: Кейінгі екі жылда бизнестен жиналған сақтандыру қаражаттары қайда бағытталады, аударымдардың сақталуы қалай кепілдендіріледі?
Жауап: Ауыспалы кезең, жұмыс берушілерден жиналған жарналарды сақтау екі маңызды және қажет шарттарды орындауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, екі ауысу жылдары аралығында төлеушілер қаражатын шоғырландыру Ұлттық банкпен талап етілетін өтімділік резервтерімен қамсыздандырады, ӘМСҚ 2020 жылға есептері бойынша, ол 85,5 млрд теңге сомасында медициналық қызметтерді өтеуге бір айлық қор, көлденең шығындарға активтер көлемінен 3% қорын қосқанда, ол 30,9 млрд. тенге құрайды. Қалған сома, 2020 жылға барлығы 206 млрд теңге жиналады деп болжануда, МӘМС жүйесіне қатысуға адамдардың уәждемесін қамсыздандыру үшін медициналық сақтандырудың пакетін ұлғайтуға бірыңғай бағытталатын болады.
Сондықтан реформаны бастауға жинақталған қаражаттың нақты пулы қаржылық «қауіпсіздік көпшігін» қамсыздандыруға және кеңейтілген медициналық қызметтерінің пакеті есебінен сақтандырылғандар үшін жағымды жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде ТМККК пакетімен салыстырғанда оңтайлы және медицинаға деген халықтың сұранысына сай келеді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ түсетін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктің шотында болады, ол жерде 2020 жылғы 01 қаңдарынан медициналық қызметтерді өтеуді бастауға дейін олардың толық сақталуына кепілдендіріледі.
Сұрақ: 2020 жылға дейін медициналық көмекті алуда халық үшін не өзгереді?
Жауап: 2018-2019 жылдар аралығында азаматтардың барлық санаттары бойынша медициналық көмек көрсету медициналық көмек көлемі мемлекетпен кепілдендіру аясында іске асырылады. Айта кетейін, бұл пакетте медициналық қызметтің тегін келесі түрлері сақталады: жедел жәрдем және санитарлы авиация, вакциналау, әлеуметтік мәнді аурулар және айналасындағылар үшін қаупі бар аурулар кезіндегі медициналық көмек, емханалық-поликлиникалық көмек, алғашқы медико-санитарлық көмек, кеңес-диагностикалық қызмет, емханалық дәрі-дәрмектік қамсыздандыру, шұғыл және жоспарлы стационарлы медициналық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жоғары технологиялық медициналық көмек.
2020 жылдан бастап МӘМС енгізумен байланысты, ТМККК пакетін оңтайландырудан бастап бөлінетін бюджет құралдары деңгейіне дейін мемлекет міндеттемелерінің нақты шектері, жеке басымды емес медициналық қызметтер және адекватты тарифтер қалыптастыру арқылы анықталатын болады. Басқаша айтқанда, тегін медициналық қызметін талдап тексеуіміз және жете тексеріс жүргізуіміз және осы көлемді оларды ұсынуға бөлінетін қаражаттарының ара қатынасын белгілеуіміз қажет.
ТМККК кірмеген қызметтерді халық МӘМС аясында қолдана алады, не болмаса өз бетінше төлейді немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы (бұдан әрі – ЕМС).
Халықты минималды әлеуметтік кепілдендірулерді сақтап қалып, МӘМС жүйесіне бір қалыпты енгізуін қамсыздандыру үшін, сақтандырылмағандар мемлекет есебінен 2022 жылға дейінгі аралықта медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемін алады, бірақ қысқартылған түрде. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар керісінше артықшылықтары көп болады және 2020 жылдан бастап ӘМСҚ құралдары жолданатын қаржыландыруға кеңейтілген медициналық қызметтер алады.
Біздің ойымызша, осындай тәсіл сақтандырылмаған азаматтар үшін жарналардың төлемән өз бетінше іске асыруына және сақтандырылғандар санатына өтуге ынталандырады.
Сұрақ: МӘМС жүйесін 2020 жылғы 01 қаңтарына ауыстырумен байланысты төлемдер мен жарналарды қалай төлейміз?
Жауап:
I. КІМ | ҚАШАН | ҚАНША?
|
Жұмыс берушілер
(соның ішінде: ЖК және ШҚ иесі, өзінің жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде)
|
2018-2019 жылдар
|
1,5%
|
2020 жылғы 01 қаңтарынан бастап
|
2% | |
Жеке тұлғалар
|
2018-2019 жылдар
|
Төлемейді |
2020 жылғы 01 қаңтарынан бастап
|
ЖК (өзі үшін) – екі ЕТЖ-дан 5% | |
АҚТ (2021 жылы – 2 пайыз, 2020 жылы 1% есептелген табыстан)
|
||
Басқа төлеушілер – бір ЕТЖ-дан 5% | ||
Жеке санаттар үшін мемлекет –
– 2020 жылы мемлекет объектілерінің жарналарын есептеу 4%. Мемлекет жарналарын есептеу объектісі орта айлық еңбек ақысы болып табылады, ағымдағы қаржы жылының өткен жылына екі жылына, мемлекеттік статистикасы саласында өкілетті органмен анықталады (« Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңының 26 б. 2,3 т.) |
||
Жалдамалы жұмыскерлер табысынан жарналарды ұстайтын және төлейтін жұмыс берушілер (2020 ж.- 1% , 2021ж. – 2%)
|