Жұбайымен серіктестік босану : «қолдаушылар» және «қарсылар»

rodi_s_muzhem

Қазіргі уақытта бала көтеру және босану кезінде жұбайының қатысу мәселесі әлі де талқыға салынуда.Қазіргі кезде серіктестерінің босану кезінде қатысуы-таң қаларлық жағдай емес. Бұл мәселе барлық перзентханаларды рұқсат етіледі,әсіресе үлкен қалаларда. Бұл жағдай айтарлықтай серіктеспен яғни жұбайлармен бірге болып жатыр деп айтсақ,шындыққа ұласпайды.

Шын мәнінде серіктестік босануға яғни жұбайымен мұндай шешім қабылдауға аз мөлшерде өздеріне сенімді,қорықпайтын отбасылық жұптар келісім береді.Көпшілік болашақ ата-аналар әлі де мұндай шешімге баруға батылдары жетпейді,олар әлі де бұрынғы апаларымыз бен аналарымыздың жолымен жүріп,жалғыз өздері босану залында болып,ал ер-азаматтар босану залының терезесінің астында үшінші темекі қорапшасын құртып тұрады. Әлем тәжірибесі бойынша,серіктестік босану 30 жылдан астам тәжірибеден өтіп жатыр. Ресей әйелдеріне мұндай мүмкіншілік-босану кезінде жұбайларының көмегінің тиюі-жақында ғана болды,яғни 10 жыл бұрын. Сол үшінде,Еуропада және басқа мемлекеттерде отбасылық жұптардың ойларына серіктестік босану жайлы ой келмейді,бірге босанғысы келе ме,олар жай ғана дүниеге балаларын бірге әкеліп,осыны жалғыз бір ерекше даму оқиғасы деп есептейді.

Босану кезінде не үшін жұбайы қажет?

Босану кезінде баланың әкесінің қатысуы болып бірінші қуантқан-америкалық дәрігерлер-гинекологтар,соның ішінде Роберт Брэдли.Бұл дәрігер ұзақ уақыт бойы ешқандай фармокологиялық препараттар және медициналық араласушылықсыз шынайы жүктілікті қадағалауда болды.

Дәл осы акушер-гинеколог бірінші болып біздің уақытта бәріне аян деректі ашқан,яғни әйелдің ішкі түйсігіне ықыласпен қарау,дұрыс демалу және барлық бұлшық еттердің босаңсуы босану уақытында ешқандай шиеленіссіз,мысалы:қан кету және күнтиместің жыртылуынан сақтайды.

Әрине,әйел адам босану кезінде үрейленеді және ауырсынуды бастан өткереді. Осындай уақытта көп әйелдер өздерін қолға ұстап,болып жатқан жағдайға есеп бере алады. Дәл осы уақытта сүйікті ерінің көмегі қажет болады.(әрине егер де ол босанып жатқан әйелдің жанында болуға қарсы болмаса).

Ер адамға босану уақытында үлкен жауапкершілік жүктеледі. Көптеген перзентханаларда күн сайын босанып жатқан әйелдер саны аз емес.Медицина қызметкерлері босану блогында жұмыс атқаратын қанша босанып жатқан әйелдің жанында болып,көмегін тигізгісі келсе де,мүмкіншілік бола бермейді. Жалғыздық сезімі дәл осы уақытта әйел адамға жақсы әсерін тигізбейді. Сондықтан жұбайының босану кезінде не істеу керек екені аян болып,көмегі артық болмайды.

Осы шақта толғақтың жеңіл болуына жұбайы арнайы уқалау массаждарын жасауына болады,яғни оны алдын ала оқып алу керек. Толғақ уақытында әйелдер өз-өздеріне есеп бере алмай,дұрыс дем шығара алмай кетеді,сол кезде дұрыс демалуды жұбайы көрсетіп жіберуі қажет,және де ыңғайлы қалыпта тұруда көп көмегін тигізеді.

Серіктестік босану кезінде басты мәселе-моральдық көмек қажет болады.Жұбайнан басқа әйелін кім жақсы біледі?Кім одан басқа қажетті сөздерді айтып,оған қолдау көрсете алады? Көптеген жағдайларда әйелдер босану кезінде,дәрігерлер мен акушерлердің сөздерін тыңдағаннан гөрі жұбайларының сөздерін тыңдайды,бір қарағанда-бұл таң қаларлық жағдай болсада. Психологтар бұл жағдайды босану кезіндегі реактивті күй деп есептейді. Дәрігерлер бірнеше рет мысал келтіре алады,яғни жұбайларының қатысуының арқасында келеңсіз жағдайлардан сақтап қалғандарын.

Серіктестік босану туралы аңыздар

Біздің уақытта көптеген әртүрлі серіктестік босану туралы ақпараттар әлі де аңыздар мен адасулар болып жатыр. Көптеген жұптар серіктестік босануда қате түсініктерде болуда. Әрине, серіктестік босануда қолдайтындар да,қарсыласатындар да бар,одан ешқайда қашып құтыла алмайсың.

Кейбір әйел адамдар серіктестік босануда әкесі мен баланың арасындағы қарым-қатынасты жақсартады деп,кейде некенің бұзылуынан құтқарады деп есептейді.Олар ер азаматтарды әйелдердің босану шағын көріп,өздерінің әйелдерге деген қарым-қатынасын бағалай бастайды деп ойлайды. Алайда тәжірибелі психологтар керісінше санайды.Мұндай жағдайда,серіктестік босануға бару қажет емес. Көптеген жағдайларда әйелінің босанғанын көрген ерлер қарым-қатынастарын қатайтпайды,керісінше аралары суйды. Ара қатынастарының берік болуына тек қана отбасыларында татулық пен гармониясы бар жұптарға сенім артуға болады.Психологиялық тұрғыдан ер адам әйелдің босануы туралы мағлұмат алса да,ешбір білімнің қажеті болмай қалады,керісінше еркекті әйелге қарсы қояды.

Көптеген отбасылық жұптар мұндай жағдайдан келесі жағдайлар арқылы шығады:толғақ басталар алдында ер азамат жұбайының жанында болады,оған қолынан келгенінше көмегін тигізеді,толғақ басталған сәтте босану блогынан шығып кетеді. Көп уақытын әйелімен бірге өткізеді,дәл әйелінің ана болатын кезін көрмейді. Әрине,жағымсыз оқиға болмайды,әйелге күйеуінің көмегі тиеді,және жағымсыз кезеңдерді көрмейтініне сенімділік пайда болады.

Шындықты айтпасқа болмайды,жағдайдың 99 % жиеркенішті білдірмейді,көптеген әйелдер өстіп қателеседі,бірақ ол олай емес. Ер азаматтар өздерінің сүйікті әйелдерінің қиналғандарын көріп,өз-өздерін кінәләйды. Осы сезім олардың нәпсіқор бұзылуларына әкеп соғады.

Бұл жағдай сіздерде болса,өз беттеріңізше жөнге келтіреміз деп қателік жасамаңыздар. Адамның психикасы өте нәзік болып келеді және әлі де аз зерттелген нысан. Тәжірибелі психолог дәрігерлердің өздері-адамға зиянын тигізіп алмас үшін абайлықпен қарайды. Ең дұрысы біріншіден-нәпсі жағынан мәселе туындап жатса,отбасылық психологқа немесе сексопатологқа барған жөн.