Symbat Kali - ШЖҚ "№1 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА" КМК

11 ақпан күні №1 Алматы қалалық перзентханасында аман-есен босандым. Осы перзентхана ұжымына шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін. Босану бөлімінің және босанғаннан кейінгі бөлімнің барлық қызметкерлеріне ерекше рақмет. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, сабырлылықтарыңыз бен жылы қарым-қатынастарыңыз маған үлкен қолдау болды. Гинеколог дәрігер Мадина Мұратқызына және акушер Шамшинур апайға айрықша алғыс айтамын. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен біліктіліктеріңіздің арқасында бұл күн мен үшін сенімді әрі жайлы өтті.

Symbat Kali