Халықаралық мейірбике күні құтты болсын! - ШЖҚ "№1 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА" КМК
Халықаралық мейірбике күні құтты болсын!

 

Халықаралық мейірбике күні қарсаңында №1 Қалалық перзентхана ұжымы мейірбикелерді, лаборанттарды және акушерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты жиында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Пашимовтың атынан 20 қызметкерге Алғыс хат табысталды.

«Сізді кәсіби мерекеңіз – Халықаралық мейіргер күнімен құттықтаймын!
Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесіңіз бен кәсіби адалдығыңыз үшін алғыс білдіремін!
Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, отбасыңызға амандық тілеймін!», – делінген құттықтауда.

Перзентхана директоры Ж. Мухамеджанова медицина қызметкерлеріне адал еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, отбасыларына бақыт пен береке тіледі.

Салтанатты жиында мейірбикелер де сөз сөйлеп, әріптестеріне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін арнады.

Кәсіби мереке иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

 

Халықаралық мейірбике күні құтты болсын!