«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өткізілді

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өткізілді

Бүгін Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай Алматы қаласы ДСБ ШЖҚ «№1 Қалалық перзентхана» МКК-ның ұжымы «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу өткізілді. Диктантқа 30 қызметкерлер қатысты.

«Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Көк байрағымыз желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтерді. Жарқын болашаққа қол созды. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 31 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақытта жеткен жетістігіміз де аз емес.

Қазақстан үшін тәуелсіздік – тосыннан келген сый емес, бостандыққа ұмтылған халқымыздың қайсар рухының жеңісі. Бұл жеңіс бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екені анық.

Ата-бабаларымыз киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін аянбай күресті. Батыста Бозжыра мен Шерқала, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Арқада Бурабай мен Баянауыл сияқты көрікті жерлерімізді ұрпағына мирас етіп қалдырды. Сондықтан жер жәннатының алыста емес, өзімізде екенін түсінгеніміз жөн.

Қазіргі  жастар салт-дәстүрін сақтаған, туымызды көкке көтеретін тұлға деңгейіне көтерілген. Олар елді дамыту жолында еңбек етуде. Арамызда мемлекеттік және өзге тілдерді жетік меңгеріп, заманауи тұлғаға айналған жастар да бар. Осындай жігерлі ұрпақ ел болашағын жарқын етері сөзсіз».

Recent Posts

Leave a Comment