Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы ДДCҰ\ЮНИСЕФ

«№1 Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК 2018 жылы қайта сертификаттаудан сәтті өтті және «ДДҰ\ЮНИСЕФ балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» атағын растады.
2021 жылғы екінші және үшінші ақпанда перзентханада мәртебесін растау және “Ана сүтімен емізу тәжірибесін қолдау мен көтермелеуді қорғау” бағдарламасын іске асыру мақсатында, құрамында халықаралық сарапшылар – Құрманғалиева Эльнара Амангелдіқызы мен Құдайбергенова Зауре Құлахметқызы, ұлттық сарапшылар – Тілешева Науат Өзбекқызы және Қорғасбекова Жансая Рахметоллақызы бар сарапшылар тобы жұмыс істеді.

Ана сүтімен емізудің сәтті 10 қадамының жүзеге асырылуына бағалау жүргізілді: жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, сондай-ақ перзентхананың Медициналық және медициналық емес қызметкерлеріне сауалнама және жауап алу жүргізу. Ана сүтімен сәтті емізудің 10 қадамын іске асыруды қорытындылаған кезде “Өте жақсы”деп бағаланды.
«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2023 жылғы 20 қаңтарда ҚР, 050012, Алматы қ.Сейфуллин көшесі 555, Басқарма ғимараты мекенжайы бойынша Басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарында байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілуін хабарлайды келесі ұйымдарда