
ШЖҚ “№1 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА” МКК-НЫҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2023 жылғы 19 қаңтарда ШЖҚ “№1 қалалық перзентханасы” МКК (бұдан әрі-перзентхана) Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иманғалиева Назгүл Мелисқызының қатысуымен 2022 жылғы перзентхана қызметінің қорытындысы бойынша байқау кеңесінің “ZOOM” платформасында онлайн режимде отырыс өткізді. Сондай-ақ, байқау кеңесінің отырысына бас дәрігердің орынбасарлары мен меңгерушілері қатысты.
Перзентхананың бас дәрігері Смольков Игорь Николаевич 2022 жылы перзентхана қызметінің қорытындылары мен қол жеткізілген нәтижелері туралы баяндады, сондай-ақ қызметте туындаған проблемалар айтылды және оларды шешу жолдары ұсынылды.
Қорытындылай келе, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары н.и. Иманғалиева 2022 жылы перзентхананың атқарған жұмысын қорытындылай келе, ұжымға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, 2023 жылы атқаратын қызметтеріне табыс тіледі.
«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2023 жылғы 20 қаңтарда ҚР, 050012, Алматы қ.Сейфуллин көшесі 555, Басқарма ғимараты мекенжайы бойынша Басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарында байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілуін хабарлайды келесі ұйымдарда