
– “Іскерлік этика аспектілері” және “Медициналық этика және деонтология” тақырыбында қабылдау бөлімінің акушері Н. Аманиязова дәріс оқыды;
Бүгінгі күні, медицина қызметкері мен науқас арасындағы қарым-қатынас тақырыбы өзектілігін жойған жоқ, қызметтік міндеттерін орындау кезінде этикалық қағидаларды және сөйлеу мәденитетін сақтау мәселелері қарастырылды.
Босану бөлімінің аға акушері Д.Ербазарова және акушерлер Аманиязова Н, Есеркеп С, Ердіхан А, Рахтаева Ж “Преэкламсия, Экламсия” тақырыбында презентация жасап, науқастың мысалында практикалық дағдыларды көрсетті.
