№1 перзентханада заманауи акушерлік әдіс — ұрықты жамбаспен жатуынан баспен жатуына сыртқы бұру тәсілі қолданылады. - ШЖҚ "№1 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА" КМК
№1 перзентханада заманауи акушерлік әдіс — ұрықты жамбаспен жатуынан баспен жатуына сыртқы бұру тәсілі қолданылады.

Бұл әдіс ана құрсағына операция жасамай-ақ, дәрігердің қолымен, УДЗ және КТГ бақылауында сәбидің қалпын қауіпсіз түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Бұл не үшін қажет?
Сәтті бұрылған жағдайда табиғи жолмен босану мүмкіндігі артып, кесарь тілігіне қажеттілік азаяды.

Процедура стационар жағдайында, жүктіліктің 36–37 аптасында, тәжірибелі акушер-гинекологтардың қатысуымен, ана мен бала қауіпсіздігі толық сақтала отырып жүргізіледі.

Сыртқы бұру — медициналық тұрғыдан рұқсат етілген әрі қауіпсіз болған кезде әйелдің өз бетінше босануына мүмкіндік беретін тиімді тәсілдердің бірі.

Біз босану үдерісі барынша физиологиялық әрі ана мен сәби үшін мейлінше жайлы өтуі үшін заманауи әдістерді қолданамыз.

№1 перзентханада заманауи акушерлік әдіс — ұрықты жамбаспен жатуынан баспен жатуына сыртқы бұру тәсілі қолданылады.