Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы ДДCҰ\ЮНИСЕФ
«№1 Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК 2018 жылы қайта сертификаттаудан сәтті өтті және «ДДҰ\ЮНИСЕФ балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» атағын растады.
2021 жылғы екінші және үшінші ақпанда перзентханада мәртебесін растау және “Ана сүтімен емізу тәжірибесін қолдау мен көтермелеуді қорғау” бағдарламасын іске асыру мақсатында, құрамында халықаралық сарапшылар – Құрманғалиева Эльнара Амангелдіқызы мен Құдайбергенова Зауре Құлахметқызы, ұлттық сарапшылар – Тілешева Науат Өзбекқызы және Қорғасбекова Жансая Рахметоллақызы бар сарапшылар тобы жұмыс істеді.
Ана сүтімен емізудің сәтті 10 қадамының жүзеге асырылуына бағалау жүргізілді: жүкті, босанатын, босанған әйелдерге, сондай-ақ перзентхананың Медициналық және медициналық емес қызметкерлеріне сауалнама және жауап алу жүргізу. Ана сүтімен сәтті емізудің 10 қадамын іске асыруды қорытындылаған кезде “Өте жақсы”деп бағаланды.