Тендер тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру.

Тендер тәсілімен медициналық бұйымдарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру.

1) Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы:

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының “№ 1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК, БСН 9902400002641, ҚР, 050012, Алматы қ., Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 492, тел. 2926788.

Банк деректемелері: БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ80601A861003375321, “Қазақстан Халық Банкі”АҚ.

2) Сатып алынатын медициналық бұйымдардың атауы: тендерлік құжаттамаға №1 қосымшаға сәйкес ұрық мониторлары. Сатып алу көлемі: 5 бірлік. Тендер сомасы: 45 000 000 (қырық бес миллион) теңге. Лоттар саны: 1

3) Жеткізу орны: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының “№ 1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК, орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 492 үй, қойма. Жеткізу мерзімі: 31 желтоқсанға дейін 2023, жеткізу шарттары DDP ИНКОТЕРМС 2020.

4) Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні:  2023 жылғы 20 қазан сағат 08: 00-ден бастап. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні: 2023 жылғы 09 қараша сағат 10:00-де.

Тендерлік өтінімдерді ашу күні: 2023 жылғы 09 қараша сағат 11:00.

Тендерлік құжаттаманы Тапсырыс беруші/тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге ұсынады, сондай-ақ Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады: www.roddom01.kz, қазақ және орыс тілдерінде.

5) Тендерлік өтінімдерді қабылдау орны: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының “N 1 Қалалық перзентхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 492 үй, директордың қабылдау бөлмесі

Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу үшін ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендердің қорытындылары шығарылғанға дейінгі кезеңнен кем болмауға тиіс.

6) Тендерлік комиссия 2023 жылғы “09” қараша сағат 11: 00-де барлық келген әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашады, Мекен-жайы: Алматы қ. ДСБ “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК, заңды / нақты мекен-жайы: Алматы қ. Сейфуллин даңғылы, 492, в конференц-зал.

 

Құжаттар (жұктеу)

Recent Posts

Leave a Comment