Директордің блогы

АЛМАТЫ қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК директорының м. а.


МҰХАМЕДЖАНОВА ЖАНАР АМАНТАЙҚЫЗЫ

            Қазақ мемлекеттік медицина университетін “Емдік іс” мамандығы бойынша үздік бітіріп, “Дәрігер” біліктілігі берілді. Кәсіби мансабын 1998 жылы Алматы қ. “№ 5 Қалалық перзентхана” МКҚК-да бастады. 2019 жылы Ж. А. Мұхамеджанова “№5 Қалалық перзентхана” ШЖҚ МКК бас дәрігері болып тағайындалды. 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Ж.А. Мұхамеджанова Алматы қ. ДСБ “№4 қалалық аурухана” ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік мәселелер бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары – “Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы” ШЖҚ КМК директорының ұйымдастыру – әдістемелік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қ. ҚДБ “№8 қалалық емхана” ШЖҚ КМК бас дәрігерінің міндетін атқарды, 2023 жылдың наурыз айынан бастап осы емхананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

           “Акушерлік және гинекология”мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. 2019 жылы “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі берілді. Еліміздегі және шетелдік басылымдарында жарияланымдары бар, “ҚР-дағы инновациялық элективті кесарь тілігі” авторлық құқығына ие.

            Жалпы медициналық өтілі 25 жылдан асады, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі 9 жылдан асады.

               Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 418-к бұйрығына сәйкес Жанар Амантайқызы Мұхамеджанова Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ КМК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.