I.T.S. GMBH КОМПАНИЯсы Қазақстанда жоғары сапалы травматологиялық өнімдер шығаратын зауыт салуды жоспарлауда
Бүгін, екіжақты кездесу кезінде, Денсаулық сақтау және Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен австриялық I.T.S. GmbH компаниясының президенті Рене Бернштайнер Қазақстанда жоғары сапалы травматологиялық өнімдерді шығаратын зауыт құрылысы туралы сұрақтарды талқылады. I.T.S. GmbH компаниясының Қазақстанда пластиндер, бұрандалар,түйреуіштер, арнайы имплантаттар мен құралдарды өндіретін шағын зауыт құрылысы туралы ұсынысын зерделеп, Тамара Дүйсенова оны қолдады.
Министер бұл байланыста “Біз қазіргі уақытта денсаулық сақтау және оның бағыттарының бірі -жаңа технологиялардың енуі жүйесін жаңартуды жүргізіп жатырмыз”,- деді. Тамара Дүйсенова Қазақстанда шетелдік инвестициялар үшін өте жақсы жағдайлар жасалған деп атап өтті, және келесі жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдетілген режим орнатылады. Министр сондай-ақ, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде жергілікті өндірушілерден дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өнімдерді сатып алу үшін келісім-шарт жасасу көзделген деп қосты.
Тамара Дүйсенова:” Егер өнімнің сапасы жақсы болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ аясында тиісті (GМP) фармацевтикалық практикалардың стандарттарына сәйкес келетін дәрілік заттардың жалпы базарында жұмыс істеп бастайтындықтан оған Ресей мен Беларусиядан базарлар ашылады”, – деп қорытындылады.
Өз кезегінде Рене Бернштайнер I.T.S. GmbH компаниясын қолдағаны үшін және шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда құрылған шарттары туралы ақпаратты ұсынғаны үшін Министрге алғыс білдірді.
Ол: “Сізге біздің ұсыныспен мұқият танысқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Түркиядан зауыт ашқаннан кейін бізге тек Қазақстандағы ғана емес сонымен қатар бар Еуразиялық Экономикалық одақ нарығы қызықты”,- деді.
I.T.S. Гмбх компаниясы 1997 жылы құрылған, травматология мен ортопедия үшін тиімді материалдар мен құралдар жасауға маманданған. Австриялық және халықаралық серіктестермен бірге компания жаңа және бірегей өнімдерді нарыққа аз уақытта енгізуде.
I.T.S. GmbH Саясаты бір немесе бірнеше елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті-өндірістік қуат құрылысын қолдайды. Мысал ретінде 2014 жылдың қыркүйек айында түркиялық Soylu Medical компаниясымен серіктестікте тұрғызылған I.T.S. Turkey зауытын келтіруге болады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында I.T.S. GmbH өнімдерінің – пластиналар, бұрандалар, түйреуіштер, арнайы импланттар мен құралдардың бүкіл өнім желісі басталды.