Әйелдерге олардың өмірінің барлық кезеңдерінде сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ балаларға, ана құрсағында жатқандағы дамуында, жаңадан туылған кезеңінде профилактикада, диагностикалауда және емдеуде замануи медициналық технологияларын енгізу негізінде, аталмыш технологиялар ана мен баланың өлім-жітім оқиғаларын, балалық шақтан мүгедектікті болдырмауға, әйелдердің бала табу жас мөлшерін сақтап қалуға және сол қалпына келтіруге бағытталған, сонымен қатар, бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасы мен ұзақтылығын жақсартуға және де адам санының демографияық өсуіне ықпалын тигізбек.
Осы мақсаткерлігімізге қол жеткізу үшін келесі тұжырымдамаларды орындауға міндеттіміз және олар құнды екендігіне сенеміз. Әр тұлға өзінің болмысымен ерекше екендігінде күмәніміз жоқ. «Пациенттің мұқтаждығын орындау — алғышарт» . Әр паципентке біз түсінушілікпен, аяушылықпен және мейірімділікпен қараймыз. Өз жұмысымызда және де жеке өмірімізде Намысшылмыз, Адалмыз және Абыройлымыз.
Біз ұжымымыздағы, яғни бір командадағыдай, әр қызметкерге сеніммен қараймыз, сонымен әркімге құрметпен, қадірлеп қарауға сөз береміз.
Мақсаты:
Қауіпсіз жүктілік, қауіпсіз босану, салауатты өмірдің басталуы, тек тірі ағзаның туылуы ғана емес, дені сау баланың дүниеге келуі, перинаталды кезеңде басқарылатын факторлардың қаупін болжамдау және нұсқаулықтардың қауіп-қатерді азайтуы..
Тапсырмалар:
Емдік-профилактикалық, консультациялық, диагностикалық, реанимациялық және оңалту қызметін жүкті әйелдерге, босанғандарға, жаңа босанғандарға, гинекологиялық ауруларға, жаңа туылған нәрестелерге; Астана қаласы және Қазақстан Республикасындағы өзге емдік-профилактикалық мекемелердегі мамандарға консультативтік көмек көрсету.
Біздің құндылықтарымыз:
Кәсіби біліктілік
Ең жоғарғы әлемдік стандартқа сай, тек ауруға ғана емес, әрбір пациентке кешенді көзқараспен жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Ежелгі ереже бойынша біздің ұранымыз «Ауруды емес, науқасты емде». Бұл жай ғана сөздер емес, бұл — біздің өміріміздің мәні. Біз сенімділікпен медициналық нарықтағы біздің ұжымды — ең кәсібиі деп айта аламыз. Қалыптасқан дәстүрлерге сенімділік
Әрбір науқасқа Алматы қаласындағы №1 перзентханасында емдеуде жеке көзқарас таныту, үлкен көпжылдық тәжірибе, емдеу медицинасынан профилактикалық медицинаға өту, қызмет көрсету, қалыптасқан ерекше орта, бастысы пациенттердің мүдделерін сақтау — біздің кәсіби қызметіміздің негізін қалаушысы болып танылады.
Жауапкершілігіміз
Адам игілігі үшін қызмет жасау — тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту, өмір сапасын арттыру; өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғамды қолдау, қоғам қажеттілігінің өзгеруіне қарай өзімізді де өзгертуге талпыну.
Құпиялылық
Дәрігерге сеніп айтылған пациенттің құпиясы, кәсіби құпияларға жатады. Дәрігерлік құпияны қатаң түрде сақтау пациенттерге Алматы қаласындағы №1 перзентханасы қызметкерлері тарапынан кепілдік береді.
Даму және инновациялар
Біздің міндетіміз —біздің науқастарды жылдам диагностикалау және айықтару үшін заманауи медициналық технологияларды, жаңа инновациялық жобаларды пайдалану.
Сапа саласындағы саясат
Мемлекеттік коммуналды кәсіпорын сапасының негізгі саясаты Алматы қаласы “№1 перзентханасының” шаруашылық жүргізу құқығына сәйкес пайдаланушыға бағдар бару және жоғары дәрежелі медициналық қызмет көрсету болып табылады.
- Медициналық қызмет көрсету сапасына қолы жеткізуге болады:
- озық жабдықтарды қолдана отырып;
- жаңа тиімді емдеу әдістерін енгізіп;
- қызметкерлердің жоғары дәрежелі біліктілігімен және Компанияның әрбір қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтің сапасы үшін өзінің жеке жауапкершілігімен;
- оңтайлы клиникалық нәтижемен;
- сапа менеджменті жүйесін енгізу, халықаралық ISO 9001:2000 стандартының сәйкестігі және үнемі оның тиімділігін арттыру.
Пайдаланушыға бағдарлау қамтамасыз етіледі:
Біздің қызметтің сапасы – Перзентхананың өркендеунің кепілі, ұжымның әл-ауқаттылығының негізі.
Отбасы ежелден бері адам баласының ең басты құндылығы болған және болып қалады. Әр отбасының талпынатыны – өз тұқымының денсаулығын сақтау, өмірін ұзарту және оның сапасын жақсарту. Біздің қоғам өмір сүретін уақытты жеңіл деп есептеуге болмайды, себебі бізді ебдейсіз экологиялық жағдай, күнделікті күйзелістер мен күтпеген аурулар қоршап жатыр. Сондықтан біздің перзентхана Отбасы денсаулығын сақтау мен қайтаруды өзінің міндеті деп есептейді.
Әрбір адамға, мейлі ол сәби болсын, оның ата-анасы немесе қарт адам болсын, жай дәрігерді емес, оның эмоциялық және физикалық мәселелерін түсініп,бөлісетін адамды табу қаншалықты маңызды екенін біз білеміз және түсінеміз.Сенім, максималды ашықтық және науқастардың өзінің денсаулығының барлық аспекттері, мүмкіндіктері және емделу мен тексерілудің ерекшіліктері туралы хабардар болу біздің дәрігерлердің басты принципы болып табылады.
Біз әрбір адамға, әрбір отбасына денсаулығын сақтауға көмектесіп ғана қоймаймыз, сонымен қатар біз мәңгілік өмірлік құндылықтарды сақтауға қамқор боламыз. Сондықтан біздің қызметкерлер ауруханаға келген әрбір адамға барынша жайлы жағдайлар жасау үшін күн сайын өздерінің бар күші мен жанын салады.