“Жүктілік кезінде шылым шегу қаншалықты қауіпті?”
Алматы қ. ДСБ “№1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ МКК базасында патология бөлімінде “Жүктілік кезінде шылым шегу қаншалықты қауіпті?” атты семинарды осы бөлімшенің акушері Орынбасарова Гүлмира жүргізді.
Шылым шегу кезінде денеге тәуелді ететін никотин, сондай-ақ ауыр металдар, шайырлар енеді. Олар жүкті әйелдің денсаулығына және ұрықтың дамуына теріс әсерін береді:
▪ Бір темекінің өзі әйел адам ағзасының қан ағымының 30 минутқа бұзылуына әкелуі мүмкін.
▪ Кішкентай тамырлар тарылып, жүкті әйелдің денесінде көмірқышқыл газы жиналып, ұрыққа оттегінің түсуі азаяды.
▪ Анасының қан ағымы мен қан құрамының өзгеруі болашақ баланың ағзасында тахикардияның дамуына әкеледі, оның аясында жүкті әйел мен нәресте салмағын жоғалта бастайды. Жаңа туған нәресте салмағы аз, денсаулығы нашар болып туылуы мүмкін.
▪ Шылым шегу ананың гемоглобин деңгейін төмендетеді және ұрық қажетті қоректік заттарды ала алмайды.
▪ Шылым шегу баланың туа біткен жүрек ақауы, ішкі ағзалардың тіндерінің, қаңқа мен бұлшықеттердің дамымауы, мидың дұрыс қалыптаспау қаупін арттырады.
▪ Шылым шегуді жақсы көретін аналардың балалары мазасыз, жиі айқайлап, жылайтын болып келеді
▪ Жүктілік кезінде шылым шегу балалардың шизофренияға шалдығу қаупін 38% арттырады.