Рахимова Светлана Бахытовна
Жүктілік патологиясы және гинекология бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Жалпы қызмет тәжірибесі 28 жыл, мамандық бойынша 23 жыл.
Жоғары білікті акушер-гинеколог дәрігер. Акушерлік-гинекологиялық қызмет операцияларының барлық түрін меңгерген.
Ертеректе Алматы қаласының №5 перзентханасының ақылы бөлімінің, жүктілік патологиясы бөлімінің меңгерушісі , Астана қаласында Перинатальды орталықтың бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет еткен.
Ішкі аудит төрағасы және жас дәрігерлер тәлімгері болып табылады. Тұрмыста, 2 ұл баланы тәрбиелейді.