Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА КЕПІЛ БОЛА АЛАДЫ!
V. Сіздің салымдарыңыздың мөлшеріқандай болуы керек?
Аударуы қажет, ал Сіз 2019 жылдан бастап айына 450 теңге сомасында аударасыз. Жұмыскердің аударымдары жеке табыс салығынан шегеруге жатқызылады.
Егер Сіз жеке кəсіпкер болсаңыз, онда 2017 жылы ай сайын əлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына Сіздің табысыңыздан 2% аударылуы қажет. 2018 жылы – 3%, 2019 жылы – 5%, 2020 жылдан –7%.
Мысалға, Сіздің ай сайынғы табысыңыз жеке кəсіпкер ретінде 100 000 теңге болсын. Қорға аударым 2000 теңгені құрайтын болады.
Мемлекет Сіз үшін төлейді, егер Сіз Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедек; жұмыс істемейтін мүгедек; зейнеткер; «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; Жұмыс істемейтін жүкті əйел, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тəрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға;
баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балалар-ды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) күтіп-бағу бойынша демалыс-та жүрген тұлға; бала; интернат ұйымдарында білім алатын жəне тəрбиеленетін адам; техникалық жəне кəсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын адам; жұмыссыз ретінде тіркелген адам; соттың үкімі бойынша жазасын сот-атқарушылық жүйе мекемелерінде (пенитенциарлық) өтеп жүрген адам (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда); уақытша ұстау изоляторында жəне тергеу изоляторында ұсталатын адам.
Әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың жəне құқық қорғау органдарының қызметкерлері жəне басқалар жарналардан босатылған, бірақ олар медициналық көмек алуға құқығы бар.
Егер сіз жұмыссыз болсаңыз:
- онда Сізге жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет жəне олар сізге жұмысқа орналасу жолдарын ұсынады.
- Егер сізге қолайлы жұмыс болмаса, онда сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда сіз үшін салымды мемлекет төлейді.
I. Сізге міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нені білу қажет:
- Медициналық сақтандыру көптеген елдердее халық үшін, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін денсаулық сақтау жүйесінің тиімді модельдерінің бірі ретінде танылған.
- Ол азаматтарға медициналық көмекті кеңінен алуға мүмкіндік береді.
- Қазіргі уақытта 16 европалық мемлекетте, сонымен бірге Түркия мен Жапонияда міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданылуда. Дəл осы елдердің медицинасы қазіргі уақытта жоғарғы деңгейде жəне адамдардың өмір сүру ұзақтығы да жоғары – 80-85 жасқа дейін.
- Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру тиімділігі денсаулықты сақтау үшін мемлекет, жұмыс беруші жəне азаматтың өзі де жауапты болатынына негізделеді.
Бұл ретте мемлекет мынадай міндеттерді өзіне алады:
- Мемлекеттің барлық азаматтарына медициналық көмектің негізгі ең төменгі пакетін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну.
- Қазақстанда мұндай көмекті 17 млн. адам немесе мемле-кеттің барлық тұрғындары ала алады.
- Азаматтардың Міндетті əлеуметтік медициналық сақтан-дыру шеңберінде ұсынылатын медициналық көмекті алуы үшін экономикалық белсенді емес тұрғындарға Медициналық сақтандыру қорына жарналарды жүзеге асыру.
- Қазақстанда экономикалық белсенді емес тұрғындар саны шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл балалар, егде жастағы адамдар, көп балалы аналар, жүкті əйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер жəне т.б.
Жұмыс берушілер сонымен бірге өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқор болуға тиіс, себебі дені сау жəне өнімді еңбек ресурстары – кез-келген кəсіпорынның табыстылығының кепілі. Сондықтан барлық міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылатын барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесін еңбекақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін мөлшері құрайтын жарна енгізеді. Қазақстан кəсіпорындарында қазіргі уақытта 5,6 млн-нан астам адам еңбек етеді, олар үшін міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын жұмыс берушілер жүргізеді.Жұмыс істейтін азаматтар, егер олар нақты бір кəсіпорында жұмыс істейтін болса немесе өздерінің жеке ісі болса, өздерінің табыстарынан аударатын болады.Әлемдік практикада егер азаматтар жалдамалы жұмыскерлер болса, онда олардың аударым көлемі еңбекақыдан 1%-дан 8,2%-ды құрайды, ал егер жеке кəсіпкер болса,онда өзі көрсеткен кірістен (ең төменгі еңбекақыдан төмен болмауға тиіс) 7%-дан 15,5%-ды құрайды.Барлық аударымдар мен салымдардың бірыңғай қорға шоғырландырылуы осы елдерге қаражатты мақсатқа сай пайдалануды, ұсынылатын медициналық көмек түрін кеңейтуге жəне оның сапасын арттыруға жəне ең негізгісі – жарна төлеушілердің алдында денсаулық сақтау жүйесінің.
II. Медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі сізге не береді?
III. Сіз қандай медициналық көмек түрлерін ала аласыз?
Осы шарттар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етті жəне Қазақстанның сол жүйені таңдауына негіз болды.
Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылдан бастап енгізіледі жəне Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматта-рының жынысына, жасына, əлеуметтік дəрежесіне, тұрғылықты жеріне жəне табысына қарамастан медициналық жəне дəрілік көмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді.
Емделудің қолжетімділігі
Сіз кез-келген мемлекеттік жəне мемлекеттік емес клиника-ларда медициналық көмек ала аласыз. Бұл жерде Сізге медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі (дəрігердің қабылдауынан бастап, жан-жақты зерттеулер мен қымбат операцияларға дейін). Мұнда кеткен шығындарды Қор төлейді.
Сапалы медициналық көмек
Қор медициналық ұйымдарды іріктеуді өзі қадағалайды. Әр клиника Сізге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады, себебі Қор ауруханаларға жəне емхана-ларға көрсеткен сапалы медициналық қызмет үшін қаражат төлейді жəне олардың көрсетілуін қатаң бақылайтын болады.
Тегін жəне қол жетімді дəрі-дəрмектер
Сіздің мемлекет белгілеген ауру түрлері бойынша дəрілік заттарды тегін алуға құқығыңыз бар.
Сіз бұл дəрілік заттарды еліміздің кез-келген дəріханалары-нан ала аласыз жəне олар бұл дəрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты. Қор дəріхана қызметтеріне ақы төлеуді өз міндетіне алады.
Сіздің құқығыңыз бен мүддеңіздің қорғалуы
Егер Сіз емделген кезде емнің сапасы төмен болса немесе сізді емдеуден бас тартып жатса, онда Сіз Қорға жүгіне аласыз, Қор Сіздің құқығыңыз бен мүддеңізді қорғай алады. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексерулер жүргізіп, шаралар қолданылады.
Өз денсаулығыңыз жайында толық мəлімет ала аласыз
жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастыры-латын болады, осының шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Бұл жерде Сіздің емханаға келгеніңіз, стационарда емделгеніңіз, зерттеулер қорытындысы, анализдеріңіз, дəрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары туралы барлық ақпараттар болады.
1. Барлық азаматтар үшін:
- Жедел жəрдем жəне санитариялық авиация;
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар жəне жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
IV. Қалай міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қатысушысы бола аласыз?
Профилактикалық егулер; Амбулаториялық-дəрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).
2. Сақтандырылған азаматтар үшін: (Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек)
Амбулаториялық-емханалық көмек:
- Емханадағы емдеу; – Дəрігерлердің қабылдауы;
- Зертханалық қызметтер; – Диагностика жəне манипуляциялар;
- Стационарлық көмек – жоспарлы тəртіпте ауруханалар-да емдеу;
- Стационар алмастырушы көмек – күндізгі стационарда ем қабылдау;
- Жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі жəне бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;
- Дəрімен қамтамасыз ету – амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;
- Мейіргерлік күтім – басынан кешкен аурудың салдары-нан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар;
- Паллиативті көмек – емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті жəне ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау.
3. Сақтандырылмаған азаматтар үшін:
Жедел жəрдем жəне санитариялық авиация; Әлеуметтік маңызы бар аурулар (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті жəне т.б.) жəне жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; Профилактикалық егулер.
Егер Сіз немесе жұмыс берушіңіз міндетті əлеуметтік сақтандыру қорына тұрақты түрде аударым жасап отырсаңыз, онда сіз бұл бағдарламаның қатысушысы болып табыласыз. Сонымен бірге, объективті себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын азаматтар да міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қатысушысы бола алады. Олар үшін салымдарды мемлекет жүзеге асырады.
Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда Сіз жұмыскер ретінде 2019 жылдан бастап айлық еңбека-қыдан 1% төлей бастайсыз, ал 2020 жылдан – 2%.
Мысалға, еңбек келісімшартына сəйкес белгіленген жəне аударылатын Сіздің еңбекақыңыз 50 000 теңгені құрайтын болса, онда жұмыс беруші Сіз үшін 2017 жылы 900 теңгені
Тұрғындар міндетті әлеуметтік Медициналық сақтандыру туралы Нені білуге тиіс?
Медициналық қызметкерлер Міндетті әлеуметтік Медициналық сақтандыру туралы Нені білуге тиіс?
Жұмыс берушілер міндетті Әлеуметтік медициналық Сақтандыру туралы нені білуге тиіс?
Тұрғындар міндетті әлеуметтік Медициналық сақтандыру туралы Нені білуге тиіс?