Қазақстанда МӘМС жүйесін еңгізу жалғасып жатыр, сондықтан назарларығызға МӘМС жайлы жиы қойылатын сұрақтар жиынтығын ұсынамыз!
Қазақстандағы медициналық сақтандыру 5 сәуірден бастап «Поликлиникаға тіркел – МӘМС жүйесінде өзіңнің мәртебеңді анықта» атты поликлиникаларға халықты тіркеу науқаны басталады.
Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтаудың вице-министрі Лязат Актаева хабарлады.
«Поликлиника – бұл қандай-да медициналық көмек алу үшін «кіру қақпасы» болып табылады. Нақты қай жерде тіркелгеніңізді тексеру маңызды. Азамат басқа да қалада, ауданда тұрғанымен, анығында басқа мекенжаймен тіркелгендігі көп кездеседі. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсетумен қиыншылықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты, баспасөз конференциясы барысында Лязат Актаева былай деді: – 5 сәуір , 31 маусым аралығында МӘМС жүйесінде өзіңіздің мәртебеңізді анықтау қажет.
«Медициналық сақтандыру әлеуметтік сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарма төрағасы Елена Бахмутова өз кезегінде, ағымдағы тіркеу кампаниясы өте маңызды және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу бойынша дайындық шараларының бірі болып табылатынын атап өтті.
Е.Бахмутова «Қазірден бастап өзіңіздің мәртебеңізді анықтау маңызды, қандай азаматтар дәрежесіне жататыныңызды түсіну және сіздің сақтандыруыңызды кім өтейді: мемлекет, жұмыс беруші, не болмаса өзіңіз», – деп түсіндірді.
Сонымен қатар, МӘМС туралы заң бойынша азаматтардың 15 жеңілдік дәрежелері бар екендігін, олардың сақтандыру жарнасын мемлекет өтейтінін белгілеп айтты.
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (бұдан әрі – АМСК) тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын орны, жұмысы, оқу орны бойынша, дәрігерді, бір әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде медициналық ұйымды өз еркімен таңдау құқығын есепке ала отырып, іске асырылады. Азамат дәрігерді, поликлиниканы, поликлиникаға тіркелуді өз еркімен таңдауы кезінде, жылына бір реттен аспауы керек.
АМСК ұйымдары азаматтардың тіркеу, өзі хабарласқан жағдайда іске асырылады. Жанұя мүшелерін тіркеуге әр жанұя мүшесінің жеке тұлғасын анықтайтын құжаттарды ұсыну кезінде ерікті түрде өтініш жазу негізінде жанұя мүшелерінің біреуімен жазбаша рұқсатын алған соң жасалады.
ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Толегалиева: «Медициналық қызмет көрсету үшін поликлиниканы таңдау кезінде, оның Сіздің үйіңізге аймақтық жақындықта орналасуы туралы ұмытпағаныңыз абзал. Поликлиниканың Сізге жақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Үйге шақырту кезінде Сізге уақытылы және сапалы көмек көрсете алады.» – деп атап өтті.
Осымен қатар, вице-министр сөз сөйлеуі кезінде, МӘМС жүйесіне қатысу үшін азаматтарды поликлиникаға тіркеу өте маңызды екендігін атап өтті. Поликлиникалар арқылы денсаулық сақтау жүйесіне қол жеткізу ашылады, болашақта сақтандырылған азаматтар үшін де медициналық сақтандыру пакеті аясында медициналық қызмет көрсету пакетіне де.
Тіркеу науқаны барысында, еліміздің әр азаматы өзінің алғашқы медициналық ұйымға жататындығын анықтап қана қоймай, өзінің қай дәрежеге жататындығын анықтауы қажет. Сіз кімсіз – жалдамалы жұмыскер, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы, ресми табыстары жоқ немесе еш жерде тіркелмеген жұмыссыз азаматсыз ба? Осының барлығын ертеңгі күні сақтандырылған мәртебе алумен немесе қажет медициналық көмек алуға қиыншылықтар туындамауы үшін, қазір анықтауыңыз қажет, МӘМС жүйесіне қатысу шарттары туралы барлық ақпаратты Сіз өзіңіздің учаскеңіздегі поликлиниканың тіркеу бөлімінен немесе медициналық қызметкерден ала аласыз.
Сонымен, Сіз поликлиниканы таңдадыңыз, енді оған қалай тіркелуге болады? Оны жасау оңай.
Ол үшін Сіз жеке тұлғаңызды растайтын құжатпен поликлиникаға келіп, бас дәрігер атына өтініш жазасыз. Ешқандай мекенжай анықтамасы қажет емес. Сіздің тіркелуіңіз өтініш түскен күні іске асырылады.
Поликлиникаға тіркелудің екінші тәсілі Ғаламтор пайдаланушылары үшін ыңғайлы. Азаматтың мәліметтерін көрсетумен электронды құжат түрінде «электронды үкімет» (еgov.kz) порталы арқылы сұраныс бере аласыз. Поликлиникада жауапты қызметкер сәйкес ақпараттық жүйеден электронды сұранысты алады және Сіздің тіркелу туралы талоныңызды электронды түрде ресімдейді. Тіркеу туралы ақпаратты «еgov» порталы арқылы «Поликлиниканы таңдау» бөлімінде білуге болады.
Ажар Тулегалиева: «Сол сияқты, әр адам тек бір поликлиникада тіркелуі мүмкін, бір уақытта бірнеше поликлиникада тіркелуі мүмкін емес екендігін білгеніміз абзал. Азаматтардың өз еркімен АМСК ұйымдарына тіркелген соң, АМСК ұйымына бұрынырақта тіркелуден қайта тіркеуден шығу «Тіркелген халық тізімдемесі» порталының мәліметтер базасы арқылы автоматты түрде іске асырылады.» – деп толықтырды.
ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41