Датхаева Зауре Ахановна
Зауре Ахановна Датхаева, Алматы қ. ҚДСБ “№ 1 Қалалық перзентхана” ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары.
1998 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина университетін “емдеу ісі”мамандығы бойынша бітірген.
1998-2004 жылдары Алматы қаласының № 1 қалалық перзентханасында акушерия және гинекология бойынша дипломнан кейінгі маманданудан өтіп, 1999 жылдың маусым айынан бастап перзентхана қызметкерлері штатына акушер-гинеколог дәрігері ретінде қабылданып, қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.
2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ Акушерлік және гинекология кафедрасында қоса атқарушы, 2011 жылдан бастап кафедра доценті қызметін атқарып келеді.
2015 жылғы қыркүйектен бастап-Алматы қ. “№ 1 Қалалық перзентхана”ШЖҚ МКК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2010 жылы “Акушерлік және гинекология”мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін, белгіленген мерзімде расталған, маман сертификаты және “Акушерлік және гинекология” клиникалық тәжірибеге (пациенттермен жұмыс істеуге) рұқсаты бар.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ “медицина және фармация менеджменті” мамандығы бойынша бакалавр дипломы, бірінші санатта берілген “Қоғамдық денсаулық сақтау”біліктілігі бойынша маман куәлігі бар.
2009 жылы ҚР ЖАК бекіткен “медицина ғылымдарының кандидаты” ғылыми дәрежесі беріле отырып, мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
Жалпы медициналық өтілі 22 жыл, ғылыми-педагогикалық өтілі 7 жыл, әкімшілік өтілі 5,5 жыл.