Бөлімшенің функциялары :
Клиникалық-диагностикалық зертханада келесі бөлімдері қызмет көрсетеді: бактериологиялық зертхана, жалпыклиникалыық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, изосерологиялық зерттеулер, иммуноферменттік зерттеулер.
Жалпыклиникалық зерттеулер ерте клиникаға дейінгі кезеңдерінде ауруды анықтауға мүмкіндік береді, дәрігерге патологиялық үрдістің орныққан орны, түрі және кезеңі туралы ақпарат бере алады, ал кейде түпкүлікті диагнозын қоюға ықпалын тигізеді.
Қызметкерлердің жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі, замануи талдау жабдықтары, жоғары сапалы реагенттерді қолдану, күнделікті тәжірибеге компьютерлік технологияларды енгізу, жұмыстың барлық үрдістерін автоматтандыру және сапаның көпдеңгейілігін бақылау талдау деректерінің жоғары ақпараттылығын қамтамасыз етеді.
Бөлімнің негізгі міндеттері ретінде диагнозды, аурудың болжамын, дәрілік емдеуін бақылау және аурулардың профилактикасын анықтау үшін қажетті барынша нақты нәтижелермен қамтамасыз ету болып табылады.
Клиникалық-диагностикалық зертхана келесі бағыттар бойынша зертханалық зерттеулерді іске асырады:
— биохимиялық анализдер;
— гемостазиологиялық зерттеулер ;
— серологиялық зерттеулер ;
— жалпыклиникалық зерттеулер;
— цитологиялық зерттеулер .
Зертхананың жабдықталуы:
— MINDRAY BS-120 биохимиялық анализаторы;
— Roche Reflotron Plus қан анализаторының биохимиялық экспрессі;
— Cell Dyn 1800 гемотологиялық анализаторы ;
— CL-50 несеп анализаторы ;
—TRM-56 көпосты айналмалы миксер;
— 3D TP-26 минишейкері;
— PD-303 спектрофотометрі ;
— Микроскоп бинокулярный Olympus CX-21 микроскоп бинокулярлы.
Зертхана меңгерушісі : Көптілеуова Гүлзипа Нұрахметқызы