Ұйыммен ұсынылатын медициналық қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы
Перзентхана әйелдер тұрғындарына мамандандырылған көмек көрсетеді. Аталмыш перзентхана Алмалы, Жетісу аудандарының №5, №8 ҚЕ, ҰОСА емханасының, «Құлагер» БМСК орталығының 150 койка-орынға арналған жүкті босанатырн әйелдерге, гинекоогиялық ауруларға қызмет көрсетеді. ( медициналық пен дәрігерлік қызметпен айналысу бойынша мемлекеттік лицензиясы № 0059609, сериясы АА-4 2008 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы қ. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен берілді).
Медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензияға сәйкес келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
Анестезиология және реаниматология;
Диагностика: ультрадыбыс арқылы диагностикалау, функционалдық диагностика, эндоскопиялық диагностика.
Зертханалық диагностика: жалпыклиникалық зерттеулер , биохимиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер ; рентгенологиялық диагностикалау.
Ересек тұрғындарға консультативтік–диагностикалық медициналық көмек көрсету: : акушерия мен гинекология, терапия: жалпы хирургия: трансфузиология;
Балаларға консультативтік – диагностикалық медициналық көмек көрсету: акушерия мен гинекология; педиатрия, трансфузиология.
Бастапқы медико – санитарлық көмек көрсету : дәрігерге дейінгі; медициналық реабилиталогия: физиотерапия; дәстүрлі медицина: рефлексотерапия;
Перзентхана С.Ж.Асфендияров атындағы № 2 акушерия мен гинекология кафедрасының және қалалық медицина колледжінінің неонтология курсымен балалар аурулары кафедрасының клиникалық базасы болып табылады.